Жаңаөзен қаласында Жастар театры ашылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының қолдауымен Жаңаөзен қаласында «Жастар театры» құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өнер ұжымы өскелең ұрпаққа рухани құндылықтарды дәріптеп отандық және әлемдік қойылымдарды сахналауға, мәдени-эстетикалық әлемнің, таным-тағылымын, шығармашылық әлеуетін жетілдіруге күш салмақ.

Алдағы уақытта жас әртістер өнер академиясының білікті мамандарымен өзара тәжірибе алмасады.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пәния Сармурзинаның айтуынша, жаңа театр «Мұнайшы» мәдениет үйінің жанынан құрылған.

«Театрдың бағасын ең бірінші беретін кім? Ол - көрермен. Қазіргі уақытта, Н.Жантөрин театрындағы қай қойылымның да өз көрермені бар. Осы аптада қойылған спектакльді келесі аптада сұраушылар өте көп. Біз оны мақтанышпен айта аламыз. 2004 жылы алғаш рет құрылған облыстағы Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры да осылай өз бастауын алып, жұмыс бастаған еді. Бүгінде республика бойынша алдыңғы қатарда. Міне, жаңадан құрылған бұл театрдың жұмысына да сәттілік тілеп, жаңа деңгейден бой көрсетеді деген сенімдеміз»,-деді Пәния Сармурзина.


Соңғы жаңалықтар