Жаңаөзен білім бөлімінің басшысын Әдеп кеңесіне не үшін шақырды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында Әдеп кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда Жаңаөзен қаласы білім бөлімінің басшысы Тәттімбет Жұмалиевке қатысты тәртіптік іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңаөзен тұрғыны А.Қоңырбаева Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бюросына Т.Жұмалиевті ақша бопсалады деп, шағым түсірген. Алайда, іс дәлелдердің жеткіліксіз болуына байланысты жабылып, Әдеп кеңесінің қарауына берілді.

Қызметтік тексеру барысында ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, ол өзінің қызметтік лауазымын материалдық мүдделері немесе жақын туыстарына байланысты мәселелері шешу кезінде пайдаланған.

null Әдеп кеңесі тәртіптік істі қарап, Жаңаөзен әкіміне Жаңаөзен қаласы білім бөлімінің басшысы Тәттімбет Жұмалиевке қатысты тәртіп жаза қолдану бойынша ұсыныс енгізді.

Шенеуніктің өзі істі оның қатысуынсыз қарауды өтініп, Кеңес отырысына келген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар