Жаңаөзен әкімі Бекзат Нұрдәулетовке көлік мінгізді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Жаңаөзен қаласы әкімдігі мен «Өзенмұнайгаз» АҚ бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовке «Тойота Камри 70» маркалы автокөлікті сыйға тартты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров чемпионды құттықтап, ата-анасына алғыс айтты. Шаһар басшысы спортшының бапкерлерін атап өтіп, олардың Бекзат Нұрдәулетовтың Әлем біріншілігінде жеңіске жетуіне зор үлес қосқанын айтты.

Екатеринбург қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында 81 келі салмақта алтын медаль иеленген Бекзат Нұрдаулетов әлемнің төрт дүркін чемпионы, кубалық Хулио Ла Крусты тізе бүктірген болатын. Финалдық жекпе-жекте өзбек боксшысы Дилдошбек Рузметовты айқын басымдықпен жеңді.

Еске сала кетейік, осыған дейін облыс әкімі Серікбай Трұмов Бекзат Нұрдәулетовке пәтер кілтін сыйға тартқан болатын. Жаңаөзен қаласы әкімдігі мен «Өзенмұнайгаз» АҚ бірлесе бүгін чемпионға темір тұлпар мінгізді.

Соңғы жаңалықтар