Жаңаөзен әкімдігі алдына жиналғаны үшін ұсталған 17 адамды полиция босатты

None
ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласы әкімдігі ғимаратының алдында қоғамдық тәртіп бұзған 17 адам полиция басқармасына жеткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10 мамыр сағат 12:00 шамасында Жаңаөзен қаласы әкімдігі ғимаратының алдында қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі тіркелді.

«Құқық бұзушылармен прокуратура және әкімдік қызметкерлері түсіндіру жұмысын жүргізді. Жиналғандар ескертуге қарамастан ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабын бұза отырып (бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан заңнамасын бұзу) наразылық акциясын өткізетінін мәлімдеді» делінген баспасөз мәліметінде.

Полиция қызметкерлері 17 құқық бұзушыны полиция басқармасына жеткізді.

Олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, үйлеріне жіберілген.


Соңғы жаңалықтар