Жаңақорғандағы мектеп асханасында балалар астан уланды

None
None
    ЖАҢАҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 18 мамыры күні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылындағы №192 орта мектептің 25 оқушысы жаппай тамақтан уланды. Олардың денсаулығына төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Эпидемиологиялық тексеру жаппай улануға тамаққа қосылған қарақұмық және жұмыртқаның себеп болғанын көрсетті. Тамақты ішкен балалар 2-3 сағаттан соң-ақ, ауру белгілерімен Келінтөбе ауылдық дәрігерлік амбулаторияға медициналық көмекке жүгінген. Оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді.

Орталық аудандық ауруханаға 4 бала жеткізілді. Сол сәттегі балалардың жағдайы орташа деңгейде болған, жүрек айнып, іштері өткен.

«Бүгінгі таңда, 21 баланың жағдайы қанағаттанарлық, олар үйлерінде медициналық бақылауда. Ауру ошағы болған жерде зерттеу жүргізілуде, азық-түліктер тексерілуде, қоршаған ортадан бактериологиялық қалдықтар, асханадан бактериологиялық жұғынды алынуда», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.

Әзірше оларға алдын ала сальмонелла тудырған тағамдық таксоинфекция диагнозы қойылды.

Әділжан Үмбет

Соңғы жаңалықтар