Жаңақорғанда жыл басынан бері 256 адам коронавирус жұқтырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 256 адам тіркелді. Бұл - аудандар арасында ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде өткен жылдан бері 5 794 адам қатерлі вирусты жұқтырды. Салдарынан облыс қазір «қызыл» аймақта тұр. Оның ішінде Қызылорда қаласында -3442 адам тіркелсе, аудан бойынша ол Аралда - 206, Қазалыда - 274, Қармақшыда - 262, Жалағашта - 201, Сырдарияда - 354, Шиеліде - 441, Жаңақорғанда - 614 адамды құрайды.

«Жыл басынан бері 2 402 адам аталған дертке шалдықты. Олардың 1374-і облыс орталығы тұрғындары болса, ол Аралда – 92, Қазалыда – 171, Қармақшыда – 103, Жалағашта – 88, Сырдарияда – 174, Шиеліде – 147, Жаңақорғанда – 256 адамға жетті. Өткен жылдан бері қатерлі індет салдарынан 16 адам көз жұмды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске салсақ, Қызылорда облысында вакцинация пунктері аптасына 7 күн жұмыс істейді.



Соңғы жаңалықтар