Жаңақорғанда жанашыр азаматтар мұқтаж отбасына баспана салып берді

None
None
ЖАҢАҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жергілікті тұрғындар баспанаға мұқтаж отбасына тұрғын үй салып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалғызбасты ана, екінші топ мүгедегі Анаргүл Беласарова тұрғын үйден қиналып жүрген еді. Баспана салуға қолы қысқа. Бұл отбасының әлеуметтік жағдайынан хабардар болған «Жаңарған Жаңақорған Жастары» еріктілер тобының мүшелері игілікті істі қолға алды. Баспанаға мұқтаж отбасыға тұрғын үй салу жөнінде ортақ шешімге келді. Оған жергілікті жұртшылық та қолдау білдірді. Осындай қамқорлықтың нәтижесінде мамыр айында тұрғын үйдің іргетасы қаланды. Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында жүзеге асқан сауапты іс айт мерекесі қарсаңында толықтай бітті. Аталмыш ізгі іске Данияр Досантаев, Арман Мәжитов, Нұрболат Аширов, Әбдісамат Әбдіш және ауданның өзге де жастары белсенділік танытты.

«Айта кетерлігі, біздің ұсынысымызға жергілікті жұртшылық пен жастар ерекше қолдау білдірді. Мамыр айында басталған құрылыстың толықтай аяқталуына жүзге жуық адам қолдау көрсетті. Олардың қатарында аудан кәсіпкерлерімен бірге қарапайым еңбек адамдары да бар. Жанашыр азаматтар шатыр, тас секілді қажетті заттармен қамтамасыз етті. Өзге де керекті дүниелер қамтылды. Қайырымды іске белсене қатысқан олар жаңа үйге жиһаз тарту етуді де естен шығарған жоқ», - деді «Жаңарған Жаңақорған жастары» еріктілер тобының жетекшісі Еркінбек Айнақожаев.

Бұдан бұрын Қазалыдағы 5 отбасыға қайырымды жандар үй салып бергенін хабарлаған едік. Сондай-ақ, Жалағаштық кәсіпкерлер жалғызбасты анаға баспана алып берді.

null

Соңғы жаңалықтар