+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Жаңақорғанда Елтаңба авторы жерлестерімен жүздесті

2019 жылғы 10 қыркүйек 14:16
Бөлісіңіз:
Жаңақорғанда Елтаңба авторы жерлестерімен жүздесті

ЖАҢАҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков туған жері - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Екпінді ауылына арнайы келді. Белгілі азамат өз жерлестеріне бағалы сыйлықтарды тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбедегі «алтын адам» Сармат тайпасының көсемі болуы мүмкін Шулыған шыңы туралы аңыз зерттеуді қажет етеді Қарағанды облысында аушы құстармен аң аулау бойынша турнир өтіп жатыр

Бұл шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылып келеді. Онда Тұңғыш Президент - Елбасы «туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап көрсеткен болатын.

Белгілі азамат туған ауылының гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне атсалысып келеді. Бүгінгі күнге дейін ауыл орталығынан мешіт үйін салуға көңіл бөлді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына өзге де сый-сияпатын жасап келеді.

Жерлестерімен жүздесу барысында Жандарбек Мәлібеков жаңа үлгіде жасалған Елтаңбаны ауыл әкіміне табыстады. Сондай-ақ, қажетті кітаптарды ауылдағы мешіт, мектеп, кітапхана ұжымына тарту етті.

«Әркімге туған жері ыстық. Адамзат баласы дүниеге шыр етіп келген жеріне кіндігімен байланады. «Туған жер» деген қасиетті ұғымды төбемізге қойып, қастерлейтініміз де сондықтан», деді Жандарбек Мәлібеков жерлестерімен жүздесу барысында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT