Жаңақорғанда 10 және 11 жасар екі бала каналға батып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 10 және 11 жастағы екі бала каналға суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 3 шілде сағат 14.30 шамасында Жаңақорған кенті аумағында болды.

2010 және 2011 жылы туған екі бала Жаршыкөл каналына суға батып кеткен.

Екі баланың да денесі тұрғындар көмегімен судан шығарылған.

Алдымен 10 жастағы баланың мәйіті табылса, одан кейін аудандық №14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Айдар Мырзабеков 11 жастағы жасөспірімнің денесін жағаға шығарды.

«Тұрғындардан барлық сақтық шараларына назар аударуын сұраймыз. Балаларды бақылаусыз қалдырмауға назар аударыңыздар», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада суға кеткен ер адамның денесі 3 күннен кейін табылды.


Соңғы жаңалықтар