Жаңақорғанда «1 ауыл - 1 кәсіп» жобасы қолға алынды

None
None
ЖАҢАҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында «1 ауыл - 1 кәсіп» жобасы қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш жоба әрбір ауылдың табиғи және шаруашылық жағдайына байланысты жүзеге асырылады. Бұрын егін және көкөніс-бақша дақылдарын өсірумен айналысатын шаруашылықтар сол кәсіптерін дамытуға маңыз беріп отыр. Жақын шетел мен еліміздің өзге өңірлеріне қарбыз өсірумен әйгілі болған Жайылма диқандары сол бағытта жұмыс атқарып келеді. Кезінде қой шаруашылығымен елге танылған Ақүйік ауылдық округіндегі шаруалар енді үйрек өсіруге бейімделе басталады.

«Шаруалар 33,5 млн теңге несие алды. Оған 9 мыңға жуық үйрек сатып алды. Соның нәтижесінде өз шаруашылықтарын дамытуға мүмкіндік алды. Қазірге дейін олар 4212 үйректі Қызылорда қаласындағы «Береке» құс шаруашылығына бордақылап өткізді», - деді Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев.

Осы мақсатта округтегі «Қаратау-Ақүйік» АӨК мүшелері үйрек шаруашылығын дамыту мақсатында жеңілдетілген несие алды. Қаржы Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы арқылы берілген.

Соңғы жаңалықтар