Жаңақалада үй салушылар жыл сайын көбейіп келеді

None
None
ОРАЛ. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданында жаңа үй салушылар жыл сайын көбейіп келеді.

2007 жылы аудан орталығы Жаңақала ауылынан үй салуға жер сұраған 80 адамның арызы қанағаттандырылса, 2008 жылы ауданның бас жоспары шұғыл қайта жасалғандықтан, жекеге жер беру уақытша тоқтатылған еді. Осының салдарынан жер алу кезегінде тұрғандар саны 850-ге жетті. Бұған қарамастан, үй салу қарқынды жүргізілуде. Мысалы, өткен жылы 26 отбасы қоныс тойын атап өтті. Пайдалануға берілген пәтерлердің екеуі несиелік, 11-і бюджеттік негізде салынса, қалған 13-і - жеке тұрғындардың тұрғызғандары. Ал биылғы бірінші жартыжылдықта статистикалық деректерге сәйкес ауданда 669 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, ол 142,0 пайызға орындалып отыр.

Соңғы жаңалықтар