Жаңақалада Конституция күніне орай бірнеше нысан пайдалануға берілді

None
None
Л. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданында Конституция күніне орай күрделі жөнделген бірнеше нысан пайдалануға берілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тамыздың 27-сінде аудан әкімі Төлеген Мерғалиев Жаңақазан ауылындағы әлеуметтік нысандардың ашылу рәсіміне қатысты. Мұндағы мәдениет үйін күрделі жөндеуге 30 млн. теңге бөлінсе, мектепке - 50 млн., «Айгөлек» балабақшасына 14,8 млн. теңге жұмсалды.

Аудан басшысы сондай-ақ тамыздың 28-інде Мәстексай ауылында болып, 50 млн. теңгеге күрделі жөнделген С.Меңдешев атындағы мектепке ат басын бұрды. Осындағы «Алтын сақа» балабақшасын ашуға «Жол картасына» сәйкес 25 млн. теңге игерілді.

Т.Мерғалиев әлеуметтік сала алдағы уақытта да назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар