Жаңақалада ауданаралық сауықтыру орталығы ашылды

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қарашаның 26-сында БҚО-ның Жаңақала ауданы орталығында 100 орындық ауданаралық сауықтыру орталығы ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда «Капустин Яр», «Азғыр» полигондарында жасалған әскери сынақтардан зардап шеккен тұрғындар емделетін болады. Аталмыш нысанға республикалық бюджеттен 590 млн. 782 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын Оралдағы «Альтаир» ЖШС атқарып шықты.

«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин мен облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жиналғандарды қуанышты оқиғамен құттықтап, мұның осы өңірдің халқына мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен қамқорлық екенін атап өтті. Ауруханаға автокөлік, дәрігерлерге жаңа пәтер кілттері де табыс етілді.

Бұл күні сондай-ақ Достық алаңы да пайдалануға берілді. Бұған «Жол картасына» сәйкес республикалық және жергілікті қазынадан барлығы 60 млн. 489 мың теңге бөлініп, абаттандыру ісін Оралдағы «Андас» ЖШС атқарды. Жергілікті жерден 121 адам жұмысқа тартылды.

Нұрлан Нығматулин «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалында болып, азаматтарды қабылдады.

Соңғы жаңалықтар