Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» газетінің 75 жылдығы атап өтілді

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Тамыздың 27-сінде Жаңақала аудандық мәдениет үйінде «Жаңарған өңір» газетінің 75 жылдығы атап өтілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен газеттің бас редакторы Өмірзақ Ақбасов басылымның арғы-бергі тарихына, бүгінгі хал-ахуалына тоқталып, баяндама жасады. Аудан әкімі Төлеген Мерғалиев, облыстық ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу бөлімінің бастығы Мәжит Қайырбаев, Қазталов аудандық «Ауыл айнасы» газетінің бас редакторы Закария Оразаев және басқалар редакция ұжымын мерейтойларымен құттықтап, аталмыш басылымның өңірдің ақпарат айдынында өзіндік орны бар екенін атап көрсетті.

Бұл күні сондай-ақ газеттің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған жыр мүшәйрасы да мәреге жетті. Ұлттар достығын, береке-бірлікті өзек еткен өлеңдер арасында Ақжайық ауданынан келген белгілі айтыскер ақын Сағынтай Бисенғалиев жырларының шоқтығы биік болды. Бірінші орынды жеңіп алған оған 50 мың теңге көлемінде жүлде табыс етілді. Сондай-ақ жалпақталдық Сәрсенғали Рахметқалиев - екінші, жәнібектік Ғалия Өтегенова мен жаңақалалықтар, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Сыйлыхан Жұмасалихов - үшінші, Шолпан Күмісқалиев ынталандыру сыйлығын еншіледі.

Соңғы жаңалықтар