Жаңадан тағайындалған министрлерге Президенттің дәйексөзі жазылған блокноттар үлестірілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада «Екінші Республика құрылысшысы күнделігінің» тұсаукесері өтті. Бұл бастаманың авторы - «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұсаукесер рәсімі өткеннен кейін блокноттар бірден 2023 жылдың басында тағайындалған жас министрлерге жеткізілді.

«Еліміздегі шенеуніктердің жұмыс күні қалай басталады? Күн тәртібіндегі істерді жоспарлаудан және бекітуден тұрады. Оларға көмектесу үшін «Жаңа адамдар» «Екінші Республика құрылысшысының күнделігін» әзірледі. Бұл күнделіктің басты «ерекшелігі» - Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауындағы түйінді дәйексөздері. Күнделіктің 52 аптасының әрқайсысы Мемлекет басшысының сөзімен басталады, ол мемлекеттік қызметкерлерге олардың барлығы не үшін жұмыс істеп жатқандығы туралы ескерту ретінде қызмет етеді»,-дейді «Жаңа адамдар» қозғалысының өкілдері.

Екінші Республика құрылысшысы күнделігінің алғашқы иелері:

Сүлейменова Зүлфия – Экология министрі,

Бейсембаев Ғани – Білім министрі,

Оралов Асхат – Мәдениет және спорт министрі,

Қарабаев Марат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі,

Есқараев Азамат – Қазақстан Республикасының Әділет министрі,

Ғалымжан Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының басшысы.

«Құрметті қазақстандықтар! Біз әлеуметтік желілерде қоғамдық сауалнаманы бастаймыз, Екінші Республика құрылысшысы атағына лайық деп санайтын мемлекеттік қызметкерлердің есімдерін түсініктемелерде жазыңыз» деп мәлімдеді жастар қозғалысы.

Соңғы жаңалықтар