Жаңадан құрылған облыстарда тұрақтандыру қорын жасақтауға 5 млрд теңге бөлінбек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңадан құрылған облыстарда тұрақтандыру қорларын жасақтау мен қолдауға Үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлінуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған тиісті қаулыда көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2022 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкімет резервінен Абай, Алматы, Жетісу және Ұлытау облыстарының әкімдіктеріне өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру үшін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге сомасында қаражат бөлінсін», - делінген қаулыда.

4 облыстың әкімдіктері 15 желтоқсанға дейінгі бөлінетін қаражатты игеру жоспарын ұсынуы тиіс. Ал қаржының нақты бағыттарға жұмсалуын Қаржы министрлiгi бақылауға алады.


Соңғы жаңалықтар