+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Жаңадан құрылған агенттік басшысы Президентті алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды

2020 жылғы 15 қыркүйек 19:30
Бөлісіңіз:
Жаңадан құрылған агенттік басшысы Президентті алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге көңіл айтты ҚР Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен өзекті мәселелерді талқылады Мемлекет басшысы ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады

Серік Жұманғарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңадан құрылған Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды.

Президентке еліміздегі бәсекелестікті дамыту, оған қолайлы жағдай жасау және ұлттық идея ретінде қабылдау мақсатында атқарылатын іс-шаралар туралы баяндалды. Осы мақсатта барлық салалар мен аймақтарды қамтитын бәсекелестікті дамыту жөнінде Ұлттық жоба әзірленеді. Салалық және аймақтық бәсекелестік талаптары жасалады.

Агенттік төрағасы Мемлекет басшысына жаңа құрылымның қызметін ұйымдастыру жоспары туралы айтты. Әсіресе, тұтынушылардың талабын қанағаттандыру, экономиканың тұрақты өсімі мен дамуын қамтамасыз ету, нарық субъектілерінің экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басымдық берілмек.

Президент халықаралық нарықтағы озық тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, Қазақстанда дұрыс бәсекелестік қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік басшысына Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы бәсекелестікті қорғау және экономиканың тиімділігін арттыруға бағытталған тапсырмаларды орындаудың маңыздылығына тоқталды. Жолдау жүктеген міндеттерді орындау бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT