Жаңадан құрылатын Байланыс және ақпарат министрлігі басты назарды мемлекеттік тілде шығатын БАҚ-ға бағыттауы тиіс - Мемлекет басшысы

None
None
АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Байланыс және ақпарат министрлігі басты назарды отандық бұқаралық ақпарат құралдарын одан әрі дамытуға,

бірінші кезекте мемлекеттік тілде шығатын БАҚ-ға аударуы керек. Бұл туралы бүгін Ақордада Үкімет мүшелерінің және облыс әкімдерінің қатысуымен өтіп жатқан Индустриялық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз ақпараттық қоғамда өмір сүреміз. Сондықтан жаңа министрліктің басты міндеті - жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, бірінші кезекте сандық және спутниктік хабар тарату болуы керек. Сонымен қатар басты назарды отандық БАҚ-ды одан әрі дамытуға, бірінші кезекте мемлекеттік тілде шығатын БАҚ-ға аударуы керек», деп қадап айтты Президент.

Тиімді ақпараттық жүйені қалыптастыру керектігін жеткізген Елбасы, бұл өз кезегінде еліміздің барлық көрермендеріне тең мүмкіндіктерді ашатындығын жеткізді. «Қазақстан азаматтары әлемде, мемлекетте не болып жатқанын нақты түрде білуге құқылы», деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар