Жаңаарқада атып өлтірілген ер адамның мәйіті табылды

None
None
ЖАҢААРҚА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде атып өлтірілген ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін табылған мәйіттің 59 жастағы кент тұрғыны екені анықталды.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағына («Адам өлтіру») сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

«Қылмысты ашу, күдікті азаматтарды ұстау мақсатында департаменттің және Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы жасақталып, қылмыстың ізін кесу бойынша кешенді іс-шаралар атқарылуда. Тергеу барысы облыстық полиция және прокуратура басшылығының бақылауында», - делінген таратылған хабарламада.

Өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар