Жаңаарқа ауданында махаббат пен адалдықты бейнелейтін ескерткіш ашылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жаңаарқа ауданында махаббат туралы әндердің бас кейіпкері, Балуан Шолақтың ғашығы, осы жердің тумасы Ғалия Тілеуқызының ескерткіші ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан тарихында сезімдері махаббаттың символына айналған жұптар аз емес. Солардың бірі – Балуан Шолақ пен Ғалия Тілеуқызы. Ғашықтардың сезімдерінен туған әндер бүгін де ел аузында.

Ғалияның кіші інісі Төлеутай Мұқатай өзінің әпкесіне шынайы махаббаттың символын білдіретін ескерткіш қоюға шешім қабылдап, оны салуға өз қаражатынан миллион теңге бөлген. Әйгілі сұлудың шет елдерде тұратын туыстары да бұл идеяны қолдап, қаржылай көмектерн көрсеткен.Құрылысы 2019 жылдың мамыр айында басталған ескерткіштің жалпы құны 4 миллион 200 мың теңгені құрады.

«Бүгін біз Жаңаарқаның қасиетті жерінде тағы бір ескерткіш ашамыз. Бұл – «Ғалия» әнінің кейіпкері Ғалия Тілеуқызының ескерткіші. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Әр өңірде есімдері ел есінде қалатын ерекше тумалары бар. Мұның бәрін жас ұрпақ білуі керек» деген болатын. Бүгінгі іс-ш ара – Елбасының сөзі жүзеге асырылып жатқанының жарқын көрінісі.

Ескерткіш «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында салынып, біздің өлкеміздің сұлулығын арттыра түсті. Ғалияны дәріптеген ұрпақтарына үлкен алғысымды білдіргім келеді», - деді Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Қанат Қожықаев.


Ғалия Жаңаарқа ауданындағы Қалыбек руынан Ақмолда Тілеу есімді байдың бірінші әйелінен туған. Жастайынан ол Біржанмен атастырылған. Жастар уақыты келгенде бас қосады. Бірақ жұптары жараспай, олар ажырасып кетеді. Сонан соң Ғалия Қараөткелде қымызбен айналысып, біраз уақыттан соң Балуан Шолақпен танысады.

Осылайша олардың махаббат тарихы басталды. Ғашықтар үйлену туралы шешім қабылдайды. Бірақ Балуанға жала жауып, ол түрмеге түседі.

Ғалия мен оның сүйіктісі бірге бола алмады. Жас жігіт өзінің барлық ыстық сезімдерін сүйіктісіне арнап әндер жазу арқылы білдіреді.

Ескерткіштің ашылу рәсімінде Жаңаарқа өнерпаздары ол әндердің барлығын орындады.


Соңғы жаңалықтар