+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Жаңа жылдық отшашу қоршаған ортаға зиян ба

2019 жылғы 12 желтоқсан 14:13
Бөлісіңіз:
Жаңа жылдық отшашу қоршаған ортаға зиян ба

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жаңа жылдық отшашу қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Бұл туралы бүгін Алматы ТЖД өткізген брифинг барысында «Қазсалют» ЖШС бас менеджері Нұрлан Қазбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоршаған ортаға қандай әсер етуі мүмкін? Пирротехникалық бұйымдар – химия және оның құрамында белсенді химиялық элементтер бар. Алайда, олардың көлемі қауіпсіз. Отшашу болғанда пайда болатын көк түс – мыс, ақ түс – стронций. Олар ауаға атылғанда түгел жанып кетеді де, қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Ең бастысы пиротехникалық бұйымдар дұрыс жойылғаны абзал», - деді Қазбеков Нұрлан.

Маманның айтуынша, пайдаланылған пиротехникалық бұйымдарды атқан соң шашып қалдырып кетпей, оларды дұрыс жою керек.

«Бұл бұйымдар Алматы облысындағы Қапшағай қаласында орналасқан арнайы полигонда жойылады. Оларды жоюмен «Қазақжарылысөндірісі» компаниясы айналысады», - деді Нұрлан Қазбеков.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT