Жаңа жылды ұрлықпен бастаған күдіктілер қолға түсті - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жаңа жылдың алғашқы күні ұрлық жасаған деген күдікпен Зеренді селосының екі тұрғыны қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша қаңтардың 1-і күні Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне 1980 жылғы жергілікті азаматша шағымданған. Зардап шеккен әйелдің сөзіне қарағанда, екі ер адам оның үйінен үш жәшік спирттік ішімдік пен ұялы телефонды қолды қылған. Сол күні полицейлер Зеренді селосының 1975 және 1981 жылы туылған екі тұрғынын қолға түсіреді. Кейін белгілі болғандай, күдіктілер зардап шеккен әйелдің күйеуінің әріптесі болып шықты. Сол күні әріптесінің үйінде қонақта болған күдіктілер үй иесімен бірге отырып ішімдік ішкен. Кейін араларында жанжал туып, араққа сылқия тойып алған қонақтар үй иесін соққыға жығып, үш жәшік спирттік ішімдік пен ұялы телефонын күштеп тартып алып кеткен.

Қазіргі кезде күдіктілер ұсталып, үстерінен ҚР ҚК 191 бабының 2 бөлімі бойынша (тонау) қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар