Жаңа жылда ауа райы қандай болады

None
АСТАНА. Қазгидромет – Қазгидромет мереке күндері ауа райы қандай болатындығы туралы болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдағы 3 күнде еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады, бұрқасын, екпінді жел соғады, республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, тұман, көктайғақ күтіледі. 1 қаңтарда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Ауа температурасы түнде батыста 1-6 градус аяз болады. Ал ҚР солтүстігінде, орталығында, шығысында 10-25 градусқа дейін аяз болады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар