Жаңа жылда аса абай болыңыз! - ТЖМ

None
None
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері республика бойынша 131 адам иіс тиіп уланды. Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.

Оның айтуынша, биыл бір мыңнан астам өрт оқиғасы орын алды. «Соның басым бөлігі адамның кесірінен болған. Негізі, өрттің кеңінен таралуына халықтың кеш хабар беруі себеп болып жатады. Сондықтан ондай жағдайда, ең алдымен, өрт сөндіру қызметіне хабарласып, содан барып тілсіз жаумен күресіп көрген жөн. Әсіресе, Жаңа жыл сияқты мерекелік күндері аса абай болу қажет. Себебі дәл сол кезде өрт оқиғалары жиілеп, оның саны 82-85 пайызға артып отырады», - дейді Р.Иманқұлов.

Соңғы жаңалықтар