Жаңа жылда Алматыда 7 егіз дүниеге келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаңа жылдық мереке күндері 299 сәби жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып.

«2016 жылдың 31 желтоқсанында, 2017 жылдың 1-2 қаңтарында 299 бала дүниеге келді. Олардың 154-і қыз, 145-і ұл бала, 7-еуі егіз», - деді басқармадағылар.

Денсаулық сақтау басқармасы, 31 желтоқсан күні 110 бала, 1 қаңтарда - 90, ал 2 қаңтарда 99 бала дүние келгенін нақтылады.

Орта есеппен алғанда қалада күн сайын 100 бала өмірге келеді. 

Соңғы жаңалықтар