Жаңа жыл түнінде ауруханаға апаратын жолдардың рейтингісі жарияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жаңа жыл тойлаудың арты қандай ауруға ұшыратады? Қазақстан сақтандыру компаниясының талдаушылары жаңа жыл түнінде ауруханаға апаратын жолдардың рейтингісін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Жаңа жыл мейрамында жедел жәрдем қызметін шақыртушылардың қатары күрт өседі. Рейтингтің көшін суық тиіп ауыратындар бастап тұр.

Жаңа жыл кешінде сақтандыру жасаған адамдардың 38%-ы суық тиіп медициналық көмекке жүгінеді екен.

Сонымен қатар 14-19% көрсеткішпен жарақат алғандар екінші орында тұр. Жарақат түрі жай ғана соққыдан бастап сүйек сынығына дейін бар.

Одан кейінгі орында асқазан ішек жолдарының ауыруы орналасқан. Адамдар жаңа жыл кешіндегі дастархан мәзірінен зардап шегеді екен. Мейрамды тойлау кезінде арақтан немесе астан уланатын адамдарға да шұғыл көмек қажет болады.

Рейтингтің бесінші орнында аллергиялық аурулар тұр. Көбінесе шоколад, арахис, балық, мандарин сияқты тағам түрлері балалардың аллергиясын қоздырады.

Сонымен қатар табиғи шырша ағашының қабығындағы зең балалардың ғана емес үлкендердің де жағдайын нашарлатуы мүмкін.

Жаңа жыл кешінде, сондай-ақ, пиротехникалық өнімдерден күйік шалып келетіндердің қатары көбейеді. Себебі, базарда сатылып жатқан өнімдердің басым көпшілігі сертификатталмаған әрі қауіпсіздік шарттарына сай емес.

Соңғы жаңалықтар