Жаңа жыл түнінде Алматыда 101 нәресте дүние есігін ашты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы перзентханалары Жаңа жыл түнінде тоқтаусыз еңбек етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, 100 отбасы Жаңа жылды перзентханада қарсы алды.

«31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Алматыда 101 бала дүние есігін ашты. Оның 53-і ұл, 48-і қыз бала», - деді Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Дәрігерлердің айтуынша, алматылықтар биыл Жаңа жылды қарсы алуда қауіпсіздік мәселелеріне мән бере бастаған.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабековтің айтуынша, биыл жедел жәрдем шақырушылар саны аз болған. Өткен жылдары 40 рет шақырған болса, биыл 24 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың ішінде пиротехникалық өнімнің жарылуынан зардап шеккен 3 адам ауруханаға жатқызылды. Ал астан, ішімдіктен ешкім уланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар