Жаңа жыл түнінде адам өлтірген күдікті оқиға орнында ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 50 жастағы ер адам қылмыс жасаған жерінде ұсталды. Күдікті 35 жастағы азаматты өлімші етіп соққыға жыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Талғар қаласында тіркелген. Көпқабатты үй тұрғындары жаңа жыл түнінде көрші пәтердегі жанжалды басу үшін тәртіп сақшыларын шақырған. Патрульдік полиция қызметкерлері ол жерден бір азаматтың жансыз денесін тауып алды, ал сол сәтте екінші ер адам жиһаздағы қан іздерін жуып жатқан болатын.

Анықталғандай, екі азамат пәтерді жалға алып тұрып жатқан. Екеуі де қаладағы құрылыс нысандарының бірінде жұмыс істеп келген. Мерекелік дастархан барысында сөзге келісіп, арты төбелеске ұласқан. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 50 жастағы ер азаматтың 35 жастағы пәтерлесін өлімші етіп сабағаны негізгі дәлел ретінде іске тіркелгенін атап өтті.

Қазір ҚР ҚК 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті Талғар аудандық полициясының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар