Жаңа жыл түні елордада саяжай өртеніп, екі адам көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа жыл түнінде елордадағы «Авиатор» саяжайында өрт болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 қаңтар сағат 03:23-те «Қала маңы» тұрғын ауданының «Авиатор» саяжайында үй өртеніп, қызыл жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Үйдің біраз бөлігі қирап қалды. Қолданылған шаралардың арқасында өрт 04:24-те сөндірілді. Үй ішінен отқа күйген екі дене табылды. Әйел мен еркектің мәйіті. Өрттің себебі анықталуда» делінген хабарламада.

Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 16 адам және 3 техника жұмылдырылды.





Соңғы жаңалықтар