Жаңа жыл мерекесіне арналған әуе рейстерінің кестесі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 30 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығындағы әуе рейстерінің кестесін жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің Telegram арнасында жарияланған ақпараттарға қарағанда, халықаралық авиарейстер 19 бағыт бойынша 12 елге қатынайды.

Барлығы 54 рейс жасалады: Біріккен Араб Әмірліктеріне - 16, Түркияға - 10, Өзбекстанға – 6, Беларусь пен Германияға – 4 рейстен, Мальдивке – 3, Оңтүстік Кореяға, Нидерландыға, Мысырға, Ресей мен Қырғызстанға – 2 рейстен, Украинаға – 1 рейс.

«Рейстердің ұшу уақыты мен күнін авиакомпаниялар мен әуежайлардың сайттарынан нақты білуге болады»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар