Жаңа жыл қарсаңында қосымша вагондар жолға шығады

None
БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Жаңа жыл мерекесінде ел ішінде қатынайтын барлық бағыттағы пойыздарда қосымша вагондар іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір пойыз кестесі бойынша талдау жүріп жатыр. Жаңа жылда қосымша пойыздарды іске қосу жоспарда жоқ. Дегенмен қосымша вагондар болады. Жолаушылар ағынына қарай пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі. Қосымша вагондар барлық бағыт бойынша қосылады», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турында.

Бас директордың мәлімдеуінше, қосымша вагондар 25 желтоқсаннан бастап сапарға шығады.

Бұған дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы елімізде пойыздардың жиі кешігу себептерін атаған еді.

Оның айтуынша, пойыздардың уақытылы келмеуінің бір себебі - қолайсыз ауа райы.

Айта кетейік, таңертең «Астана – Бурабай» туристік электр пойызы жолға шықты.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында елордадан Бурабайға дейінгі арнайы туристік электр пойызы күн сайын жүреді.


Соңғы жаңалықтар