Жаңа жыл қарсаңында елорда полицейлері 1,5 мыңнан астам пиротехникалық өнім тәркіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа жыл мерекесі қарсаңында елорда полицейлері 1,5 мыңнан астам пиротехникалық өнім тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, биылғы жылдың 15 желтқсанынан бастап, пиротехникалық өнімдердің заңсыз саудасын анықтау мен оның жолын кесуге бағытталған сауықтыру шарасы өтіп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары төтенше жағдайлар саласының қызметкерлерімен бірлесіп, қаладағы базарлар, сауда үйлері, супермаркеттер мен санкцияланбаған, алайда пиротехника сатылуы мүмкін орындарға рейд жүргізді. Іс-шараның нәтижесі бойынша 1438 пиротехникалық өнім тәркіленді.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті пиротехникалық өнімдерді арнайы белгіленбеген орындардан сатып алмауға және оларды қолдану ережесін қатаң қадағалауға кеңес береді.

«Пиротехника талапқа сай сақталмаса немесе қолданылмаса және оны қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі сақталмаса, адамдар өміріне қауіп төнеді»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар