Жаңа жыл қарсаңында алматылықтар дельфиндердің өнерін тамашалай  алады
2014 жылғы 24 желтоқсан 16:15

Жаңа жыл қарсаңында алматылықтар дельфиндердің өнерін тамашалай алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жаңа жыл қарсаңында Алматыға мәскеулік дельфинарий келмек. Су асты өнерпаздары Алматыда 2 қаңтарға дейін болмақ. Қазір қойылымға билеттердің барлығы сатылып кетті.

Алматылық көрермендер қара теңізінен алдырылған екі дельфин мен белуха киті өнерін тамашалайды. Бұл туралы мәскеулік «Цирк на воде» жобасының үйлестірушілері айтты.

«Жобада Қара теңізінен алдырылған екі дельфин мен белуха киті өнер көрсетеді. Одан басқа да түрлі қызықты шоу бағдарлама дайындалып отыр. Оларды жүзеге асыруға Мәскеулік мамандар атсалысуда», - деді олар.

Оның айтуынша, су асты циркіне билеттердің бәрі сатылып кетті. Алматылықтар су жануарларының өнерін 27 желтоқсаннан тамашалай алады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «барахолкада» үрлемелі дельфинарий салынып біткен болатын. Бұған дейін дельфинарий орталық мәдениет және демалыс саябағында салынады деп келген еді.

Jańalyqtar

MURAǴAT