Жаңа жыл қарсаңында 4 азаматқа «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы берілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - 4 азаматқа «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жаңа жыл қарсаңында Қызылордада жылды қорытындылауға арналған салтанатты шара өткізілді. Шарада қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев барша қызылордалықтарды мерекемен құттықтай отырып, 4 қызылордалыққа «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағын табыс етті», - делінген хабарламады.

«Құрметті азамат» атағын алғандар қатарын кезінде Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарып, облыс орталығының үлкен бетбұрыспен өркен жаюына қол жеткізген Қожахмет Баймаханов бастайды. Ол еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, кеңшар директоры, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Жалағаш ауданының әкімі болған. Қазіргі таңда - ҚР Парламенті Сенатының депутаты. «Құрмет» орденінің иегері.

Осындай зор атаққа лайықты деп танылған Қызылорда гуманитарлық колледжінің директоры Әлима Әбдіхалықованың да ересен еңбегін ел-халқы жақсы біледі. Ол бұл қызметті 1980 жылдан бері абыроймен атқарып келеді. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері», "Ы.Алтынсарин" төсбелгісінің, "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері.

Мұндай атақ алған азаматтар қатарында сондай-ақ «Қазсушаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Арал» филиалының директоры Имамадин Оңғарбаев пен целюлоза-картон комбинатын салғандардың бірі болып табылатын Ленин орденінің иегері Мырзалы Құдайбергенов те бар.

Соңғы жаңалықтар