Жаңа Жолдау ақмолалық жастардың көңілінен шықты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Елбасы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында негізгі алты бағытты айқындады. Оның ішінде келер жылды «Жастар жылы» деп белгіледі. Бұл маңызды құжаттағы міндеттерді Ақмола облысының жастары Көкшетаудағы жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерімен талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде орталық басшысы Ерлан Мүсіпов жастарға Жолдаудағы басты бағыттарды түсіндіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Жастар қоғамдық бірлестіктерімен кездесу жаңа форматта өтті. Шараға «Жас Отан» жастар қанаты, «Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығы», «Көкшетау студенттерінің альянсы», «Феникс» еріктілер орталығы», «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қоры, «Жаңа Толқын» жастар қоғамдық бірлестігі, «Drim» әскери қызмет негізі, «Думан» Ақмола педагогикалық отряды» қоғамдық бірлестігі, Көкшетау қаласының дебат клубы, «Jaidarman» КТК Ақмола облыстық лигасы, «Реверанс» би спорттық клубы, «The Legacy Show» би студиясы, «Fox Workout Akmola» спорттық командасы мен «Сефирот» фаер-шоуы өкілдері қатысты.

«Бүгінгі таңда облыста мемлекеттiк жастар саясатының басым бағыттарын iске асыруға, жастарды қолдауға жəне олардың жан-жақты дамуына бағытталған жүйелi жұмыстар жүргiзiлуде. Елбасының биылғы Жолдауында жастардың жаңа заман талаптарына бейімделуі мен жетістіктерге жетудің жолдары қарастырылған», - деп атап өтті Ерлан Мүсіпов кездесуде. 

Қатысушылар слайд, видео және концерттік бағдарлама ұсынды. Шара соңында қатысушылар мен қонақтар Ақмола облысы жастарының әнұранын орындады.

null null 

 

 

Соңғы жаңалықтар