+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Жаңа жәрдемақы: Министр деректер базасы қалай жасалатынын түсіндірді

2019 жылғы 9 желтоқсан 13:13
Бөлісіңіз:
Жаңа жәрдемақы: Министр деректер базасы қалай жасалатынын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдан төленетін жаңа жәрдемақы алушылар проактивті әдіспен тіркелетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өмірзақ Шөкеев: Мен ешкімге қолдан келмейтін тапсырма жүктемеймін Павлодарда мүгедектік тобын берудің еуропалық нұсқасын енгізу ұсынылды Алматы облысында 43 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар

«Көпбалалы отбасыларға жәрдемақының жаңа түрі алдығы жылы қаңтар айынан бастап төленеді. Осы бағыттағы барлық қажетті шаралар жүргізілді, яғни көпбалалы аналардың 80 пайызына бұл жәрдемақы проактивті әдіспен тағайындалады. Олар халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруға міндетті емес», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, проактивті режім аясында көпбалалы отбасылар бойынша барлық мәлімет ақпараттық жүйеде қамтылған.

«Жаңа жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақы 347 мың отбасыға тиесілі болады, оның ішінде 245-246 мыңы бұған дейін осы тектес жәрдемақы алған болатын. Сәйкесінше, бұл отбасылар бойынша бізде толық мәлімет бар. Сондықтан олар қайтадан өтінім жазып, құжат толтырмайды. Ал қалған 103 мыңы бойынша мәлімет ақпараттық жүйеде шоғырланған. Өздеріңіз білесіздер, бала туған кезде ол жайында деректер тиісті жүйеде тіркеледі. Егер де қандай да бір сұрақтар туындаса, онда орталық азаматтарды өздері шақыртып, мәліметтерді нақтылайды. Сондықтан 2020 жылдан бастап барша 347 мың отбасы өздерінің жәрдемақысын алады», - деді Б. Нұрымбетов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT