+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Жаңа жағдайдағы мемлекеттік саясаттың басты бағыты экономика болады

2020 жылғы 24 наурыз 20:07
Бөлісіңіз:
Жаңа жағдайдағы мемлекеттік саясаттың басты бағыты экономика болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа жағдайдағы мемлекеттік саясаттың басты бағыты экономика болады. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енді тікелей Президент тапсырмаларына тоқталсам, жаңа жағдайдағы мемлекеттік саясаттың басты бағыты экономика болады. 10 млрд доллар - бұл халықтың жан басына шаққанда өте мол сома. Біз мәселен бүкіл халыққа бірреттік төлем төлеу сынды популистік шаралардан әдейі бас тарттық. Біз мұндай идеяның халық арасында неліктен танымал екендігін білеміз. Бірақ, оның тиімділігі қысқа мерзімді ғана. Бұл жүйелі шара емес. Президент алға қойып отырған міндет - іскерлік белсенділікке түрткі беру. Бизнесті нығайту, жұмыс орындарын құру. Кез келген дағдарыс - бұл мүмкіндіктер терезесі. Біздің мақсатымыз - дүкендер мен сауда нүктелерінің сөрелерінде отандық өнімдер үлесін еселеп арттыру», - деді Дәурен Абаев.

Оның атап өтуінше, бұл тек қана жұмыс орындарын құру емес, сонымен қатар тәуелсіз баға саясаты, мұнай және өзге де пайдалы қазбалардың бағасына тәуелдіктілікті төмендету саналады.

«Үкімет қазірдің өзінде нақты цифрларды жариялады. Мәселен, бизнесті несиелеу 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды. Соңғы мөлшерлеме 6 пайыз болады. «Қарапайым заттар экономикасы« бағдарламасында басымдыққа ие тауарлар тізілімі кеңейтіледі. Микро және шағын бизнес үшін кредит сомасы 360 млн теңгеге дейін арттырылады. Салық жеңілдіктері беріліп, тексеру саны төмендетіледі. Импорт алмастыру мақсатында қазірдің өзінде 1 трлн теңге сомаға 258 жоба іріктеп алынды. Мұның өзі 25 мың жұмыс орнын құрады», - деді ол.

Министр ауыл шаруашылығы саласында 1 млн 200 мың адам еңбек етіп жүргенін де айтты.

«Саланың ең бірінші кезектегі міндеті көктемгі егістік жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізу болып отыр. Қазірдің өзінде 94 инвестициялық жобаны жүзеге асыру басталды. Жалпы сомасы - 559 млрд теңге. Президент тапсырмасына сәйкес, маңызды азық-түлік позициялары бойына импортқа тәуелділік мәселесін шешу үшін 390 млрд теңге қосымша бөлінетін болады», - деді Дәурен Абаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT