Жаңа Зеландияның премьер-министрі тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияның премьер-министрі болып Крис Хипкинс болып тағайындалды. Ол Лейбористер партиясының жетекшісі, деп хабарлады ҚазАқпарат жергілікті БАҚ сілтеме жасап.

44 жастағы Хипкинс бұл лауазымға жалғыз үміткер болды және оған Лейборис партиясының Парламенттегі 64 өкілі қолдау көрсетті.

Жақында Хипкинс өз шешімін ресми түрде жариялап, конференция өткізбек.
Бұған дейін Жаңа Зеландияның бұрынғы премьер-министрі Джасинда Ардерннің қызметінен кеткенін хабарлаған болатынбыз.
Фото: AFPPIX



Соңғы жаңалықтар