Жаңа Зеландиядағы су тасқыны: мыңдаған үйлердің тұрғындары эвакуацияға дайындалуда

None
None
КЕНТЕРБЕРИ. ҚазАқпарат – Жаңа Зеландияның ірі Кентербери өңірінде су тасқыны қаупінен мыңдаған үйлердің тұрғындары эвакуацияға дайындалуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін, жексенбіде су тасқынына арналған брифинг барысында төтенше жағдайларды басқару министрі Крис Фаафои үш мыңға жуық үйдің су тасқыны аумағында қалып қоюы мүмкін екенін айтты. Ал бұдан ертерек Жаңа Зеландияның метеорологиялық қызметі Кентербери өңірі және басқа аудандарда жаңбырдың қатты жаууынан ең жоғары – қызыл – қауіп деңгейін жариялаған болатын.

RNZ хабар тарату корпорациясының дерегінше, құтқарушылар тасқын сулардың кесірінен құрсауда қалған бірнеше адамға көмек көрсетіп үлгерді. Тимару және Эшбертон қалалары жеті күнге төтенше жағдай режимін енгізді.


Соңғы жаңалықтар