Жаңа Зеландияда ұшаққа мінерде жүк қана емес, жолаушылардың да салмағын өлшейді

None
Фото: euronews.com
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маусым айынан бастап Air New Zealand халықаралық рейстерінің жолаушылары ұшаққа отырар алдында салмақ өлшейтін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

1 маусым мен 2 шілде аралығында Окленд халықаралық әуежайынан ұшатын жолаушыларға салмақ өлшеу ұсынылады.

Air New Zealand компаниясы жолаушылардың салмағын өлшеу - «ұшақ қауіпсіздігін және тиімді жұмыс істеуін» қамтамасыз ету үшін керек екенін мәлімдеді.

Ұшақ ауырлық күшіне қарсы тұруы үшін ұшқыштардың жүк тиелген ұшақтың салмағы мен тепе-теңдігін білуі маңызды.

Қазіргі уақытта авиакомпаниялар белгіленген сандар арқылы «болжамды массаны» пайдаланады.

Жолаушылар салмағын білу көміртегі шығарындыларын азайтуға қалай көмектеседі?

Сақтық үшін авиакомпаниялар өз ұшағының жалпы салмағын көтеруді жөн көреді.

Әдетте әр жолаушының салмағы 88 кг немесе ерлер үшін 93 кг және әйелдер үшін 75 кг деп есептеледі.

Егер ұшқыш ұшақтың салмағы есептелген массадан аз екенін алдын ала білсе, отынды да сәйкесінше аз тиейтін болады.


Соңғы жаңалықтар