Жаңа Зеландияда тағы 200 дельфин жағалауға шығып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -     Жаңа Зеландияның Оңтүстік аралы жағалауына 200-ден астам дельфин шығып қалды, деп хабарлады Radio New Zealand.

Радиостанцияның деректеріне сәйкес, табиғи ресурстарды қорғау департаментінің қызметкері Майк Оугл оқиға дельфиндер тобын акула шошытқаннан болуы мүмкін екенін хабарлады.

«Дельфиннің бірінің денесінен акула тісінің ізі табылды. Ол сондай үлкен емес, кішкентай жарақат, бірақ жақында түскені байқалады, осы оқиғаның байланысы болуы әбден мүмкін», - деген Оуглдің сөзін келтірді радиостанса.

Бұдан бұрын Оңтүстік аралда  400-ден астам қара гринд-дельфин жағаға шығып қалған еді. Көпшілігі қырылып, 100-ге жуығын еріктілер   құтқарып қалған. Құтқарушылар қайықпен оларға ашық теңізге қарай дұрыс бағытты таңдауға көмектескен болатын.

Ресей Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының   (WWF) теңіз бағдарламасы басшысы Константин Згуровский бұдан бұрын РИА Новостиге дельфиндер сейсмикалық барлау немесе әскери кемелердің су асты акустикалық жүйелерінің дауысынан есеңгіреген басшыларының артынан еріп жағаға шығып қалуы мүмкін екендігін айтқан.

Жаңа Зеландияда мұндай жағдай жиі орын алуда. Ғалымдар оның әлі нақты жауабын таба алмауда. Әдетте, дельфин жағаға шығып қалса, оны құтқаруға тырысқан басқалары да жаға шығып қалып жатады.

Соңғы жаңалықтар