Жаңа Зеландияда супермаркеттегі шабуылдан бес адам зардап шекті

None
None
СИДНЕЙ. ТАСС-ҚазАқпарат – Жаңа Зеландияның Данидин қаласының орталығындағы супермаркетте белгісіз адамның пышақпен шабуыл жасауы салдарынан кем дегенде бес адам зардап шекті. Бұл туралы дүйсенбі күні Жаңа Зеландия полициясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Данидин орталығындағы Камберленд-стритте болған оқиға орнына полиция күштері 14:30 шамасында (Нұр-Сұлтан уақытымен 20:31) жетті. Алдын ала ақпарат бойынша, бірнеше адам пышақталған. Бір адам қамауға алынды», - делінген ведомство хабарламасында.

The New Zealand Herald басылымының дерегіне сай, белгісіз адамның пышақпен шабуыл жасауы салдарынан кем дегенде бес адам зардап шеккен, екі адам орта деңгейдегі жарақаттар алған, үш адам ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Оқиға орнына біраз полиция күштері мен бірнеше жедел жәрдем машинасы жұмылдырылды. Супермаркет тұрған ғимарат эвакуацияланды. Полиция болған оқиға бойынша зерттеу жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар