
2022 жылғы 5 шілде 18:18
Жаңа Зеландияда омикрон штаммының жаңа түрі таралып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландия мамандары алғаш рет коронавирустың ВА. 2.75 омикрон штаммының кіші түрін жұқтырудың алғашқы жағдайын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, б ұл жаңа нұсқа Үндістаннан Жаңа Зеландияға келген инфекцияны жұқтырған екі шетелдіктен табылды.
« Пандемия басталғаннан бері Жаңа Зеландияда коронавирусты жұқтырудың 1,3 миллионнан астам жағдайы анықталып, 1 534 тұрғын қайтыс болды. Қазіргі уақытта елде ересек тұрғындардың 95%-дан астамы толық (екпе алды) вакцинацияланды», - деп жазды комиссия.
Фото: www.ndr.de
Сондай-ақ... оқыңыз
TOP