Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.98 EUR 430.63
RUB 6.11 CNY 55.83
Jańalyqtar

Жаңа Зеландияда мешітте болған атыстан 27 адам қаза тапты

2019 жылғы 15 наурыз 11:39 932
Бөлісіңіз:
Жаңа Зеландияда мешітте болған атыстан 27 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында болған атыстан кем дегенде 27 адам қаза тапқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА шетелдік басылымдарға сілтеме жасап.

Otago Daily Times басылымының хабарлауынша, атыс Крайстчерч мешіттерінде түс қайта болған. Нью-Плимутта өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министр Джасинда Ардерн бұл оқиғаны Жаңа Зеландия тарихындағы ең қаралы күндердің бірі деп атады.

Полиция комиссары Майк Буш (Mike Bush) та қаза тапқандардың көп екенін растаған. Оның айтуынша, осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен бір адам ұсталған, алайда полиция осы оқиғаға кінәлі басқа адамдар да болуы мүмкін екенін жорамалдап отыр.

New Zealand Herald басылымының хабарына қарағанда, Майк Буш бүгін адамдардың мешітке бармай қоя тұруын өтінген. Полицейлер қала тұрғындарынан үйден шықпай, кез келген күдікті жағдайды байқаса, «111» нөміріне хабар беруін сұрайды. Қосымша шара ретінде полиция қаладағы мектептердің барлығын қоршаған. Атыс болған кезде Deans даңғылында орналасқан Мәсджид ән-Нур мешітінде 200-ге жуық адам болған. Қазір сол көшенің бір бөлігі жабық.

Бұдан бөлек, Линвуд кварталындағы мешіттің айналасында да атылған оқтардың дыбысы естілген деген мәлімет бар.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT