14:32, 04 Наурыз 2023 | GMT +6
Жаңа Зеландияда магнитудасы 6,9 балдық зілзала болды
АСТАНА. ТАСС - ҚазАқпарат – Жаңа Зеландия құрамына кіретін Кермадек архипелагі ауданында сенбі күні магнитудасы 6,9 балдық зілзала тіркелді. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмика орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Олардың дерегі бойынша, жерасты дүмпуінің эпицентрі 8 мың тұрғыны бар Керайкри қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 928 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 150 шақырым.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі жарияланған жоқ.