Жаңа Зеландияда қытайлық туристер мінген автобус апатқа ұшырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Жаңа Зеландияда жол апаты болып, кем дегенде алты адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, қаза тапқандардың ішінде қытайлық туристер бар.

Автобуста жалпы 20-дан астам адам болған. Көлік аударылып кеткен. Оқыс оқиға жайлы өзге мәліметтер жоқ.


Соңғы жаңалықтар