Жаңа Зеландияда қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ- СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландиядағы террористік акт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Біздің дипломаттар жергілікті билікпен тұрақты байланыста. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің толық тізімі әлі жарияланбаған», - делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетейік, Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында болған атыстан кем дегенде 27 адам қаза тапқандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар