Жаңа Зеландияда аукционнан алынған чемоданнан адам сүйегі шықты
2022 жылғы 17 тамыз 11:00

Жаңа Зеландияда аукционнан алынған чемоданнан адам сүйегі шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа Зеландия полициясы аукционда сатып алынған чемоданнан шыққан адам сүйегіне байланысты тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция мәліметінше, Оңтүстік Оклендтен келген отбасы қоймалардың бірінен әртүрлі ескі заттар, соның ішінде бірнеше чемоданы бар тіркеме сатып алған. Үйлеріне оралған олар чемодандарды ашып, ішінен ер адамның сүйегін тапқан.

Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу басталған.

«Бізге алдымен болған оқиғаның мән-жайын түсіну үшін марқұмның жеке басын анықтау керек. Сараптаманың аяқталуы мен нәтижесін күтіп отырмыз», - деді полиция өкілі.

Тәртіп сақшылары күтпеген жерден адам сүйегіне кез болған отбасының бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін, оларға психологиялық қолдау көрсетілетінін айтты.

Иелері тастап кеткен заттарды сату – көптеген елдердегі қоймалар үшін стандартты тәжірибе. Ол үшін сақтау орындары арнайы аукциондар өткізеді. Әдетте, сатып алушыларға сауда-саттыққа дейін оның ішінде не барын қарауға рұқсат етілмейді.


Фото: GETTY IMAGES

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT