Жаңа Зеландия аралында 7 балдық зілзала болды

2023 жылғы 16 наурыз, 16:48
Жаңа Зеландия аралында 7 балдық зілзала болды Фото: www.aa.com.tr

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңа Зеландияның Кермадек аралдарында бейсенбі күні жергілікті уақытпен 13:56-да магнитудасы 7,0 балдық зілзала тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Гавай аралдарындағы цунами туралы ескертетін Тынық мұхит орталығы «Кермадек аралдарының кейбір жағалауында 0,3-1 м дейін жететін цунами болуы мүмкін» деп хабарлады.

Ал елдің Төтенше жағдайларды басқару ұлттық агенттігінің дерегі бойынша, күшті жер сілкінісінен кейін Жаңа Зеландияға цунами қаупі төніп тұрған жоқ.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar