Жаңа заң жобасы кәсіподақтың әлеуметтік әріптестіктегі рөлін күшейте түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа заң жобасы кәсіподақтың әлеуметтік әріптестіктегі рөлін күшейте түседі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Кәсіптік одақтар туралы» заң жобасын талқылау барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осылай мәлім етті.

Еске сала кетейік, бүгін заң жобасын палата депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады.

Министрдің сөзіне қарағанда, құжатта кәсіподақ қозғалысының ұйымдық негіздері айқындалады. Сонымен қатар, заң жобасы қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауды, әлеуметтік жанжалдардың алдын алуды және осы үшін әлеуметтік әріптестіктің рөлін арттыруды мақсат тұтады. «Бұл ретте біріншіден, қызметкерлер мүддесі өкілдігін білдіруде, келіссөздер жүргізу барысында кәсіподақтардың басым құқығын беру қарастырылған. Ал қолданыстағы тәжірибе бойынша қызметкерлер өкілеттік берген жеке азаматтар немесе заңды тұлғалар кәсіподақтармен теңдей дәрежеде өкілдік ете алатын еді», - дейді Тамара Дүйсенова.

Оның сөзіне қарағанда, заң жобасында әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялардың өкілеттігін ұлғайту, олардың функцияларын реттеу көзделеді. Мысалы кәсіподақ қозғалысының республикалық деңгейінде әлеуметтік еңбек қатынастары саласындағы заң жобаларын қарап, ұйғарымдар дайындау, әлеуметтік еңбек даулары мен жанжалдарын болдырмау нормалары қарастырылған.

«Бұдан бөлек, кәсіподақтар әлеуметтік әріптестік бойынша мүшелікке міндетті болады. Яғни, кәсіподақтардың қызметін әлеуметтік әріптестіктің тиісті деңгейінде мүшелілік қағидатымен құру ұсынылып отыр. Бұл ретте кәсіпорындар бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлерінің өкілі болып есептеледі. Бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлерінің мүдделерін өңірлік деңгейде қорғау үшін кәсіподақтардың өңірлік бірлестіктеріне бірігу құқығы беріледі. Ал мүддені салалық деңгейде қорғау үшін салалық кәсіподақтарға мүше ұйым ретінде кірігу ұсынылады», - дейді Т. Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар